Ақша қар – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Ақша қар» атты Сәкен Сейфуллин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2818
Ақша қар үлпілдеген қалқып ұштың,
Жер үшін шатты жайдан — көктен түстің,
Қайғысыз мәңгі сәби періштелер,
Мәңгілік жайын тастап жерді құштың.
Тастадың сансыз сәуле күн мен айды,
Еркін кең, нұрлы, таза, шатты жайды,
Өкінбей қара жерге түскеніңе
Жүзің шат, мың құбылып жалтылдайды.
Қиялдай қанатыңа ерік бердің:
Қалықтап ала бұлттың соңына ердің.
Көктегі сансыз сәуле жұлдыздардың
Қосылған әнін естіп, биін көрдің.
Ұшқындап сәні кеткен ағаштарға
Ақ күміс шашақ болып көрік бердің.
Құлпырып жұлдыздай боп күлімдейсің,
Не көркін көрдің айтшы қара жердің?
Мехнатты, былғанышты түсіп жерге,
Кіршіксіз аппақ таза болдың перде.
Ақша қар, уайымсыз жалғыз-ақ сен,
Мәңгілік шаттығыңды жанға берме!

1917 жыл, 18-қазан, Ақмола


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша қар өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Ақша қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақша қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері