Маржан – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Маржан» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 1
  • 3338
Маржан, Маржан, қарағым!
Күлімдейді қабағың.
Түріліпті балағың,
Жалаңаш балғын балтырың,
Неткен сұлу, жарқыным?
Маржан, Маржан, жүрегім!
Қолында сенің күрегің.
Жұмыста жүрсің білемін,
Жалаңаш жұмыр білегің,
Мойнымнан құшшы — тілегім.
Маржан, Маржан, мініскер!
Сымбатты, күшті жұмыскер.
Шын сұлу, таза, біліскер,
Піскен алма қойныңда,
Білегіңді артшы мойныма!
Маржан, көзің көмірдей,
Арам ет бітіп семірмей,
Денең күшті темірдей.
Бай қызындай керілмей,
Іс істе, жаным, ерінбей!

1921 жыл, 10-мамыр.
Жол. Омбы — Қызылжар, вагон.


Пікірлер (1)

Алтынай

Нәзір төреқұлов бұл өлеңді өткір сынға алады( әділ сынаған сияқт)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маржан өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Маржан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маржан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маржан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері