Есентукидегі бір бақта

Бұл бетте «Есентукидегі бір бақта» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1236
"Бейне ағылшын бағындай" деп
Неге айтты екен осынау бақты.
Ағашы, құсы тағыдай көп
Кемітті екен кім бұл жақты.
Келдік біз сол бақты аралап,
Ағашы қалың бойлап өскен.
Бөлеген нуға бұл кең алап,
Аңқытып жұпар самал ескен.
Екпей өскен көк майса гүл,
Әсем сұлу тоғайлары,
Еркін ұшқан сайрап бұлбұл,
Төгіліп гүл шоқ, айдары.
Өткінші бір жаңбыр бүркіп,
Гүл жапырағын жапты моншақ,
Мөлтіп қағып күміс бүртік,
Айнала орман тұрды қоршап.
Жауын тоқтап, күн ашылды,
Шұғыласын мол төкті жерге.
Жайнап гүлдер көк жасылды,
Төсеп бетін жібек желге.
Күн шұғыласын төгіп көктен,
Мүлгіп орман, тынған жан-жақ.
Біз ықтаған бәйтеректен
Түсті үзіліп жалғыз жаңғақ
Біз екеу ек баққа келген,
Серуендеп кеңес құрып,
Сырлас емес, сыйлап ерген
Құрметпенен көңіл бұрып.
Жаңғақты алып ұсындым мен
Қасымдағы серігіме.
Бұл жаңғақты белгіге ал сен,
Жаңғағы не, өрігі не!
Жан қалтаңа сал жаңғақты,
Сақта ойыңда серуен жәйін.
Есіңе алып мынау бақты
Ойландырсын көрген сайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есентукидегі бір бақта өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Есентукидегі бір бақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есентукидегі бір бақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есентукидегі бір бақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері