Зер – Ахмет Кендірбекұлы

Бұл бетте «Зер» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Міне, тағы жүздестік ойлы оқырман,
Сырларымды ұсындым ойда тұнған.
Бір мысқал болса-дағы керегіңді ал,
Кездерімнен өмірге ой батырған.

Kyә болсын жаңа дос, көзкөргенім,
Кітапта өшкен-өскен, өзгергенім.
Әр өлеңім көңілге жол тапсын деп,
Мүсіндей күні-түні көп зерледім.

Ол зерім — алтын ба, әлде, күміс ne еді,
Әйтеуір сонда жан сыр, мұң іштегі.
Ол менің — жүрегімнің перзенттері,
Ол менің — маңдайымның күміс тері.

Оқысаң, жыр-тұлпарға ep салғайсың,
Өлеңнен ұзақ жолга енші алғайсың.
Жыр менің тағдырым да, таң нұрым да,
Әр жолына, сырлас дос, зер салғайсың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зер өлеңінің авторы кім?

Ахмет Кендірбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Зер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Кендірбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері