Өмір бояуы
Бұл бетте «Өмір бояуы» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өмір туралы өлең берілген.
-
admin
- 01.09.2024
- 0
- 0
- 1016
Бір ісіңнің кетер болса кетеуі,
Қас қаққанша дүйім жұртқа жетеді.
Құлақтарын қайшылайды қалың ел,
Саған өтіп кеткендей бір өтері.
Қайырмасы:
Бір ісіңнің бағы жанса оңынан,
Самарқау кеп, қол қысады соңынан.
Кекіреніп, мекіреніп тіл қатар,
Е, болар бала, болар бала бағынан
Өмірдің бір әп-әдемі бояуы,
Мәнін, құнын кейде осылай жояды.
Жақсылықты естімейді жұрт тегі,
Жамандықты керең де естіп қояды.
Қайырмасы
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі