Бұл бетте «Жылылық» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Анық білем, жылылық бар көктемде,
Жылы жаңбыр себелеп бір төккенде.
Өн бойыңа жылылық боп тарайды,
Әке-шешең маңдайыңнан өпкенде.
Жылылық боп әлдилейді арманың,
Жылы бәрі: балаң, қара орманың.
Тас үйіңнің тас ошағын жылытқан,
Әрине, ыстық құшып-сүйіп алғаның.
Одан кейін жылылық бар Отанда,
Ыстық бар маң: көлің, тауың, жотаң да.
Маған ыстық ұшқан құс та аспаңда,
Қоңыр қозы, жәудіреген ботаң да.
Жылылық ол – қарт өмірдің сабағы,
Көзден жас та жылы болып тамады.
Мына өмірді суытады тек қана
Жүрегі мұз адамдардың қабағы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі