Зер – Ахмет Кендірбекұлы

Бұл бетте «Зер» атты Ахмет Кендірбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Міне, тағы жүздестік ойлы оқырман,
Сырларымды ұсындым ойда тұнған.
Бір мысқал болса-дағы керегіңді ал,
Кездерімнен өмірге ой батырған.

Kyә болсын жаңа дос, көзкөргенім,
Кітапта өшкен-өскен, өзгергенім.
Әр өлеңім көңілге жол тапсын деп,
Мүсіндей күні-түні көп зерледім.

Ол зерім — алтын ба, әлде, күміс ne еді,
Әйтеуір сонда жан сыр, мұң іштегі.
Ол менің — жүрегімнің перзенттері,
Ол менің — маңдайымның күміс тері.

Оқысаң, жыр-тұлпарға ep салғайсың,
Өлеңнен ұзақ жолга енші алғайсың.
Жыр менің тағдырым да, таң нұрым да,
Әр жолына, сырлас дос, зер салғайсың!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері