Түнді қанша мақтасаң – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Түнді қанша мақтасаң» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнді қанша мақтасаң,
Сарғайып атқан таң болмас.
Жаманды қанша мақтасаң,
Ел басқарар хан болмас.

Жақсы мен жаман тең болмас,
Кемеңгер жан кем болмас.
Момындарға қарасар,
Құзғындарға жем болмас.

Үлгісіз жанға айтар сөз,
Далаға кетер ем болмас.
Қарау адам, іші тар,
Ешқашанда кең болмас.

Иттің бәрі тазы болмас,
Еттің бәрі қазы болмас.
Пиғылы жаман наданның,
Кісіге айтар назы болмас.

Екі даукес ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.
Халқын сүймей ер болмас,
Қорғамас жерін ел болмас.

Қанаты құрыш ақ сұңқар,
Жардан құлап жер болмас.
Қайтпас қайсар ерлерге,
Дұшпанның торы түк болмас.

Тұлпар аттар жарысар,
Баптаулы тұрған күйімен.
Ақыл-айла табылар,
Ерлердің алғыр миымен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнді қанша мақтасаң өлеңінің авторы кім?

Қожаберген жырау — осы өлеңнің авторы.

Түнді қанша мақтасаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнді қанша мақтасаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қожаберген жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнді қанша мақтасаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері