Өреніңе өнеге боп о баста-ақ – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Өреніңе өнеге боп о баста-ақ» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 773
Өреніңе өнеге боп о баста-ақ,
Толқындарың көрмеген-ау, толастап.
Құлагердей құйрық атып құйғытқан,
Көк айдында көп толқының өр, асқақ.
Қашан көрсең қалпыңдасың көк теңбіл,
(Қашан көрсең лайланбас көл неткен бұл).
Біржан әні сияқты мың ырғақты,
Қуың қандай, суың балдай, мөп-мөлдір!
Мағжан, Сәкен самғаған сан аспаның,
Тереңіңдей толғап терең дастанын.
Соларға ұқсап, өзіңе ұқсап шалқыған,
Мен де өзімше толқын ата бастадым.
Сапарым бар сан асудан әрі аспақ,
Қатарым бар көкпар сында таласпақ.
Ендеше, Айнам, жыр жазайын өзіңдей,
Әрі мөлдір, әрі терең, әрі асқақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өреніңе өнеге боп о баста-ақ өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Өреніңе өнеге боп о баста-ақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өреніңе өнеге боп о баста-ақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өреніңе өнеге боп о баста-ақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері