Қамажай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қамажай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Жүйріктің мініп алып ұшқырына,
Елемей қытымырлау қысты мына,
Құтылып қу тірліктің құрсауынан
Тартып бір кетсем бе екен «Үшқырыма»?!
Білмейтін қауметі көп қала жайын
Ауылда – жақыным мен жамағайын.
Асаудай арыны əлі басылмаған,
Тұрады алып қашып далаға ойым...
Хал-жайы қартайғанда баладайын
Мен емей кім ойлайды ана жайын?..
Қимаған құтты ұясын қарлығаштай
Қасында қалып қойған Қамажайым.
Қалқа қыз – Қамажайдың жөні басқа.
Соқпайды соны ойласам көңіл асқа.
... «Үшқырым» – ұжымағыма ұшқым келер,
Гүл өңір,
Бұл өмірдің өңі қашса...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қамажай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қамажай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қамажай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қамажай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері