Отбасының ұйытқысы – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Отбасының ұйытқысы» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Отбасының ұйытқысы,
Қайын атаң мен қайын енең.
Сыйлап жүрсең оларды,
Кем болмайсың ешкімнен.
Қайын енеңді күт келін,
Бағады ол балаңды.
Енеңнің күші өлшеусіз,
Демеушің ғой табанды.
Қайраты кетсе бойынан,
Түртпектей берме панаңды.
Мендетеді кәрілік,
Қайтсе-дағы адамды.
Тату бол кайын анаңмен,
Ойлан, қара санаңмен.
Жасы ұлғайған кіріңді,
Сыйла барлық балаңмен.
Қайын атаң мен енеңді,
Болма келін сөгетін.
Еңкейіп кетті демесе,
Жәрдемі бар беретін.
Шақырма ашу қарттарға,
Өзің де сондай боласың.
Ойла келін артыңды,
Сөз ұғатын баласың,
Сіздерге бұл өсиет,
Қожаберген бабаңнан.
Өнеге алма тірлікте,
Шайпау менен наданнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отбасының ұйытқысы өлеңінің авторы кім?

Қожаберген жырау — осы өлеңнің авторы.

Отбасының ұйытқысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отбасының ұйытқысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қожаберген жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отбасының ұйытқысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері