Жауға түскеннің сөзі – Ахмет Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жауға түскеннің сөзі» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 28345
Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме?!» дегеннің
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның
Жас көзінен ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр...
Түгі жылы, білмедім,
Түледі ме - нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барып тұр!..


Пікірлер (4)

ералы

оте кушти маган унады

Айзере

Сөздер өте оңай мен жаттайын деп жатырмын

Айзере

Сөзі өте оңай

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауға түскеннің сөзі өлеңінің авторы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жауға түскеннің сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауға түскеннің сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауға түскеннің сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері