Балалық досы

Бұл бетте «Балалық досы» атты Сырбай Мәуленов жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3850
Достары қандай ыстық балалықтың,
Мен оны көп жылдан соң жаңада ұқтым.
Жарысу жалаң аяқ қызық еді,
Астында сіркіреген қара бұлттың.
Сылдыр — су, бұлыңғыр — бу таң алдында
Іздедім балалығым таба алдым ба?
Дауылдай албырт күнім, аңғырт күнім,
Қалыпсың достарымның хабарында.
Күндіз-түн ән салған кез дүрілдетіп,
Басымнан кетіпті ғой бір күнде өтіп.
Барамыз дос үйіне, келіншегі
Қарар ма келесін деп кімді ертіп.
Шытпай-ақ келіншекке қабағымды,
Берермін кідірместен жауабымды:
— Келемін досымменен көрейін,— деп
Кішкентай суретімді бала күнгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық досы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Балалық досы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық досы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық досы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері