Даланың данышпаны – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Даланың данышпаны» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көксу, Іле, Құйған мен Қараталың,
Қонысына құт болған сан атаның.
Текелі, Алтынемел, Шолақ тауды,
Аялап өткен абыз алақаны.
Телегейге бастайтын бұлағы еппен,
Жетісуды Жаратқан жұмақ еткен.
Мұнда есімін ұрпағы ұран еткен,
Тілі қылыш, қырағы қыран өткен.
Таңба салған тайдай ғып ғасырға айқын,
Тарихым бар жарасын жасырмайтын.
Қоңтайшысы бас болған қалмақ жаулап,
Ерікті елді ешкімге бас ұрмайтын.
Оты сөнді, туралып туырлығы,
Сәбилердің ұмытылып құлын күні.
Қанқұйлы қалмақ елді ойран етіп,
Атқа өңгеріп әкеткен бұрымдыны.
Ерке жел есті сөзді ала қашқан,
Ертеден дала аңыз, дала дастан.
Қазаққа ес бола алған Ескелді би
Кезеңде қара қашқан, төре адасқан.
Жабы емес, жауға мінер ат таңдаған,
Бабам барда кем бе екен жаттан бағам?!
Нөпір ғып батыр нөкер жинағанда,
Қалмады ер азамат аттанбаған.
Белдеуде ат, белде қылыш, бекем ерің,
«Әруақтап» жауға шапса, жетелер үн.
Мұрат еткен азат та бірлікті елді,
Бүтіндігін жусан мен бетегенің.
Атқанда жігер таңы, намыс таңы,
Алаштың атқа қонған арыстары.
Азатпыз,
баста бүгін болашақтың
даңғылына,
даланың Данышпаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Даланың данышпаны өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Даланың данышпаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Даланың данышпаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Даланың данышпаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері