Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн
Бұл бетте «Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн,
Қызыл-жасыл түске бояп арманын
Екеумізді шақырады ертегі -
Кемпірқосақ қақпасының ар жағы.
Жо-жоқ, маған керек емес ертегі,
Сенем десе, сене берсін ел тегі.
Өткенімен өкіндіріп, өксітіп
Сүйем мынау өмір дейтін өлкені.
Ертегі әлем, еліктірме, шақырма,
(Бұл мүмкіндік біздер үшін ақырғы, ә?)
Біздің арман дүниеге келе алмай
Бебеулейді тәні бедеу жатырда.
Е, қайтеміз, біз көрмеген құқай ма?
Басымызға қашан бақыт құтайған?!
... Тоқтамады кісі толы автобус
Келесісін күт, айнам!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі