Бір күнім
Бұл бетте «Бір күнім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күңкіл сөзді жүргем жоқ па күнде естіп,
Іздегенім – дала – сана – үндестік.
Қуанамын жүректегі жырды естіп,
Өмір – мектеп қойғандайын бір бестік.
Тағдырымнан алғым келмей екілік,
Өнерімді жани түсем бекініп.
Дарындардан қарын басым болған шақ
Бір күнімнің жабам бетін өкініп.
Болғанымен әр күнімнің жобасы,
Өз дегенін істеп уақыт додасы.
Еш белгі жоқ, қирап жатыр артымда
Жылап өлген күндерімнің моласы.
Күңкіл сөзді жүргем жоқ па күнде естіп,
Іздегенім – дала – сана – үндестік.
Қуанамын жүректегі жырды естіп,
Өмір – мектеп қойғандайын бір бестік.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі