Көтерілді түн пердесін түре күн – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Көтерілді түн пердесін түре күн» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көтерілді түн пердесін түре күн,
Сыр білдірмей сырғып кетті сынған Ай.
Түнге ілесіп кетіп қалды жүрегім,
Тоқташы деп жалынып ем тыңдамай.
Мейлі, барсын,
демалайын мен де бір,
Ол бар болса жаным менің шыр еткіш.
Жүр ғой талай қуыс кеуде пенде кіл,
Қуыстықтан өзге жанды жүдеткіш.
Шын ояндым.
Соғып тұрды өңірім,
Шапағымен таң да арайлап атыпты.
Бір бақытты болса менің өмірім,
Сол мазасыз күндеріммен бақытты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көтерілді түн пердесін түре күн өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Көтерілді түн пердесін түре күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көтерілді түн пердесін түре күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көтерілді түн пердесін түре күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері