Көк торғай

Бұл бетте «Көк торғай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 882
Ой салып бір жолаушыға жол жүрген,
Табиғаттың заңы болар көндірген.
Күзгі кеште көп жапырақтың ішінен
Ұшып-қонған көк торғайды көрдім мен..
Соққан желмен күндіз-түні шуылдап
Сол торғайға шертетіндей сырын бақ.
Паналаған анасының бауырында
Жылы ұясын іздей ме екен шырылдап.
Тірлігі үшін дүние шегі шоқ талдай,
Күзгі ауадан бір суық жел соққандай.
Көз алдымда билеп жүрген ұқсайды
Көк аспанның тамшысына көк торғай...
Мен сезбеген өмір сыры көп қандай,
Өмір кейде бәйге-жарыс, көкпардай.
Нотаға ұқсап, дүниенің дыбысын
Көкірегіне жазып алған көк торғай...
Үміт – отым жұлдыздардай жиі ақты,
Нәзік жүрек мәңгі өлмейтін сый апты.
Көз алдымда жапыраққа жан бітіп,
Шыр-шыр етіп ұшып жүрген сияқты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк торғай өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көк торғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк торғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк торғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері