Шақырмаймын құшағымды жайып бір – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Шақырмаймын құшағымды жайып бір» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 763
Шақырмаймын құшағымды жайып бір,
«Дертің» болса, өзіңді одан айықтыр.
Қол созсақ та, менімен сен өте алмас
Арамызда уақыт деген Жайық тұр...
Нәзік айың сапар шеккен түн қатып,
Ақ сәулесін түсірместен шыңға түк.
Уақытқа қарсы жүзіп кетпеші,
Дарияның тереңіне шым батып.
Көкірегімнен көзін ашып көл жұмбақ,
Қиялымды әкетеді сол күнге ап.
Шағаланың қанаттары шақырсын,
Ақ Жайықтың аспанынан қол бұлғап.
Жаныма бұл алыс әрі жақынсың,
Арамызда қамалға ұқсап жатыр шың.
Ойнақтаған сенің отты көздерің
Көңіліме көктемді бір шақырсын.
Атай көрме мені бақыт құсы деп,
Көрер көзге сыртым салқын, ішім от.
Ақ Жайықтың жалын құшам, келгендей
Төлегеннің ақ боз аты кісінеп...
Сезем бәрін, бұдан әрі бармайық,
Арнасынан асса көңіл бар ма айып.
Жылап ағып жерге жауып жатқандай
Сағыныштың жапырақтары сарғайып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақырмаймын құшағымды жайып бір өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Шақырмаймын құшағымды жайып бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шақырмаймын құшағымды жайып бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шақырмаймын құшағымды жайып бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері