Үмітім менің алданды – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үмітім менің алданды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 953
Үмітім менің алданды,
Жанымның гүлі тұр жылап.
Жалпағынан басып жалғанды,
Қарайсың салқын, тұнжырап.
Өкпе айтам, несін тағдырға,
Жұлдызды өптім, айды өптім.
Қосылып жасым жаңбырға,
Жуып тұр кірін әйнектің.
Өткенге бүгін күйініп,
Көктемге қарай сырғиын.
Өкінішім ұршық иіріп,
Ішімде соғар мың құйын.
Үмітім менің алданды,
Қабағымнан бұлт аулап.
Сезімді сәттік малданды,
Көз жасымнан күлкі аулап.
Қайтсын ол, мұңын өзгенің
Бір түнді қуып, бір түнім.
Үмітсіз қарап көздерім,
Сыпырар сәуле кірпігім.
Сәттерім, қалай тез өтті,
Сүймесе, неге жымиды?
Өкініш өртеп, өзекті,
Өзектен бір жел ұлиды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үмітім менің алданды өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Үмітім менің алданды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үмітім менің алданды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үмітім менің алданды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері