Түн бойы ысып-өртенем

Бұл бетте «Түн бойы ысып-өртенем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Түн бойы ысып-өртенем,
Таппадым соның бір емін.
Оянсам таңда ертемен,
Тұрады ауырып жүрегім.
Шағынам несін досқа мен,
Жүрегімді айтып шаншыған.
Үйренген таңдап ескі әуен
Еңсені езіп жаншыған.
Кешігіп күнім сағынған,
Тонатып ойға күлкіні,
Шаршай ма әлде соғудан
Дамылсыз жүрек күн-түні...
Өтуде өмір өзгерген,
Сырт көзге шапқан аттаймын.
Сөздерден, оқты көздерден
Жүрегімді қайтсем сақтаймын?
Тағдырға қандай кез келгем,
Ешкімге ұнап, жақпаймын.
Сөздерден небір көздерден
Оқ тиген жапырақтаймын!..
Келемін күй ап күнімнен,
Сәттерде толқып, дір еткен.
Құлайтын сияқтымын мен
Аяқтан емес, жүректен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн бойы ысып-өртенем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Түн бойы ысып-өртенем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн бойы ысып-өртенем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн бойы ысып-өртенем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері