Тұсау кесу – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Тұсау кесу» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 11321
Қаз-қаз бастың, қаз бастың,
Бір, екі, үш...аз бастың.
Жетелейік жүгіртіп,
Қадамдарың жалғассын.

Тайсалмағын, тәй-тәй бас,
Аяғыңды байқай бас.
Қуанады ата-анаң,
Көңілі қалай марқаймас?!

Сүрінбей бас, нық басқын,
Қос аяғың жұптассын.
Кеткін тез-тез жүгіріп.
Алды болып тұстастың.

Қалдың, міне, есейіп,
Тұсауыңды кесейік.
Тойыңды да тойлайық
Төбемізге көтеріп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері