Түні бойы қорқынышты түс көрем

Бұл бетте «Түні бойы қорқынышты түс көрем» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Түні бойы қорқынышты түс көрем,
Өксіп жылап қиналамын тістенем.
Ұмытуға тырысамын оянсам,
Күндіз күткен күйбеңі көп іспенен.
Сүйетұғын көктем күйін, құс үнін,
Сезімі бар сырттай «момын» кісімін.
Асау жүрек жүрісінен жаңылып,
Көтеріліп кете ме, қан қысымым?
Сырт көздерге жоқ сияқты түк мұңым,
(Қиналғаннан болар, түнде шықты үнім).
Таң алдында күміс табақ толған ай,
Тереземе тұрады емізіп сүт нұрын...
Бәрін әлі, ұмыттырар бар таңым,
Әр таңыма үмітімді артамын.
Жатар кезде тыныш таныс төсекке
Тартысқа кеп түсетіндей қорқамын...
Үзік-үзік ленталардай түс көрем,
Тағдырға бұл қинайтындай не істеп ем?
Ойда жоқта орнықтырып кетер кім,
Жүрегімді орынына түспеген?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түні бойы қорқынышты түс көрем өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Түні бойы қорқынышты түс көрем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түні бойы қорқынышты түс көрем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түні бойы қорқынышты түс көрем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар