Оңай мен қиын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Оңай мен қиын» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1310
Оңай боп кетті бүгінде бәрі,
Өлең жазу да,
Өтірік айту да,
Өле салу да
Оп-оңай!..
Өмірдің жүгін көтере білу,
Оңай емес-ау бірақ-та!
Түнеріп жүру де,
Түңіліп кету де,
Түкіре салу да оп-оңай.
Түсіну қиын бірақ та!
Жалған мұңшылдық,
Жасанды сыршылдық,
Кезбе балалық,
Езбе даналық,
Есер күлкімен,
Көз алдап, көріне біліп,
Жарқ-жұрқ жалтырау да,
Оп-оңай!
Шынайы адам боп қалу
Оңай емес-ау бірақ-та!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оңай мен қиын өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Оңай мен қиын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оңай мен қиын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оңай мен қиын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері