Қайрау – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қайрау» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2482
Жетті енді!
Дүр сілкінер келді кезім,
Сенімнің сілтейінші жез күрегін.
Біреуден тілеп жүріп от алам ба,
Тұрғанда өз кеудемде өз жүрегім..
Жылғадай жылт-жылт етіп, зордан аққан,
Қашанғы жүремін мен қорғалақтап.
Сайрап бір, шарықтап бір кетер шақта,
Бұлбұлдай күмілжідім торда баққан.
Ырзамын мына нұрлы заманға да,
Ырзамын сөз түсінер адамға да.
Ұлы Абай өкінішпен кетті өтіп,
Ақылын тыңдата алмай надандарға.
Қайда да көрген жоқпын салқын қабақ,
Аға-іні қарсы алады жарқылдап-ақ.
Мен енді жіберейін аттың басын,
Жырымды отырғанда халық қалап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайрау өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қайрау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайрау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайрау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері