Маған не iстемедi, маған не жасамады?

Бұл бетте «Маған не iстемедi, маған не жасамады?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1088
Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Тiлiмдi
Ұлтарақ қып кестi.
Жүрегiмдi
Құлдың құлағындай кестi.
Қызылқұм мен Қарақұмды –
Үндемесiн деп! –
Көмейiме құйды.
Үмiтiмдi жiптей қиды.
Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!
Жүрсем – құлатты.
Тұрсам – сұлатты.
Өз елiмде,
Өз жерiмде
Кеудемдi
Алатау, Қаратаумен бастырды.
Басымды көтерсем
Сойылмен басқа ұрды.
Ой, дүние-ай!
Маған не iстемедi?!
Маған не жасамады?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маған не iстемедi, маған не жасамады? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Маған не iстемедi, маған не жасамады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маған не iстемедi, маған не жасамады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маған не iстемедi, маған не жасамады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері