Бір ақынға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бір ақынға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 516
Жазығым жоқ еді ғой, жарықтығым,
Тұрғандайсың мені тек танып бүгін.
Көлденеңдеп сермейсің сойылыңды,
Көгереңдеп, сұрланып алып түрін.
Келініңдей едім мен сыйлағанда,
Жақының ем жаманға қимағанда.
Саралаушы ем мәнісін сөздеріңнің,
Сыйға тұрар санаушы ем милы адамға.
Шет жұртқа да даттадың, мән бермедім,
Өзі ұғынар қатасын жөндер дедім.
Үндемесем ынжық деп, тіл қатсам-ақ
Шапылдады деп шықтың теңгермедім.
Сан рет сен ұрындың өзің келіп,
Не қыламын дедім де сөзің теріп,
Әр ісіңнен жоғары тұрдым талай
Ашу тежеп, ақылым төзім беріп.
Мен білмейтін бар екен сырың бөтен,
Мол пішілген тек қана сыртын екен.
Қадам алға басып ем, қабағыңды
Алатаудың етіпті бұлты мекен.
Сенен жапа өкінбен шегем-ау деп,
Ойлаушы едім маңайда неге дау көп...
Өкінемін іштарлық себеп болып,
Адам арын осылай төгеді-ау деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ақынға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бір ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері