Бұйрық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бұйрық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 951
Тән – мылқау,
ақыл – сылбыр,
көңіл – жүйрік,
Көз көріп, көп дүние ішке түйдік:
Пәндалық «алсам» үшін арпалыс бар,
Ырыс бар санаспай көр дейтін «бұйрық».
Ал бұйрық – қажеттілік, кездейсоқтық
Қауышып,
ғайыптан бір келген дөптік,
Біреудің азаппенен бар еткені,
Бұйыру біреулерге беріп шоқтық...
Осыдан жүйрік жүйткіп, күдік туар,
Сайысқа түсер айла, қулық қуар.
Жылымдай жылжып шоқтық биіктер де,
Шешенге тоқтау айтып бұйрық тұрар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұйрық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Бұйрық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұйрық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұйрық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері