Сұлулық
Бұл бетте «Сұлулық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қандай сұлу
Отпен ойнап,
Құрыш құйған болатшы!
Қандай сұлу
Ұста жігіт
Талдай иген болатты!
Қандай сұлу
Шекарашы
Қыран құстай қырағы,
Шопан қыз ше!
Құшарлық-ақ
Жанған жігіт шырағы.
Қандай сұлу
Дәрігер қыз
Ажалменен алысқан,
Егінші ше,
Мерзім күтіп,
Уақытпен жарысқан!
Қандай сұлу
Жасы үлкенге
Қайырымды жас адам!
Қандай сұлу
Жүрек шіркін –
Сұлулықты жасаған!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі