Шолпан

Бұл бетте «Шолпан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1101
Шолпан!
Сен маған –
Қайда барсам да!
Көлеңкем құсап
Ерiп жүрдiң.
Не iстесем де
Көнiп жүрдiң.
Омыртқам сынғандай
Ойсырап қалған кезiмде
Жебедiң.
Қаңсырап қалған кезiмде
Демедiң.
Тәнтiмiн!
Сен менi жаныңдай
Жақын көрдiң.
Теңдесi некен-саяқ
Ақын көрдiң.
Арыстандай ақырып,
Жолбарыстай бүктетiлiп
Ширыққан кезiмде
Сен маған басу айттың.
Адасқан кезiмде
Бетiме шыжғырып
Ашып айттың.
От пен ошағыма,
Сендей қосағыма –
Екi дүниеде ризамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолпан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шолпан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолпан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолпан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері