Әкемнің құдасына айтқаны – Кенен Әзірбаев

Бұл бетте «Әкемнің құдасына айтқаны» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2226
— Бай құдам бар деп мен жатырмын,
Қай құдам бар деп сен жатырсың.
Қатық ішіп сен жатырсың,
Қатып-семіп мен жатырмын.
Мен құда болғанда,
Жирен шолақ құнаның бар еді,
Екі ғана құлағың бар еді,
Басында жаман тымағың бар еді,
Атың жоқ еді, таяғың бар еді,
Жалғыз қара шұнақ лағың бар еді.
Дәулетің менімен тең еді,
Мен қашан сенен кем едім?
Жал біткен соң жалтарған,
Не қылған арсыз неме едің?!
Құдағи бар, құда деп,
Әдейі мұнда келгенім.
Сенің қызың бойжетті,
Менің балам ержетті,
Екі жасты қосалық,
Ұнасқан жасқа біз де бір
Рақымшылық жасалық.
Кешегі күнде жарлы едің,
Төгілме тасып соншалық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкемнің құдасына айтқаны өлеңінің авторы кім?

Кенен Әзірбаев — осы өлеңнің авторы.

Әкемнің құдасына айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкемнің құдасына айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кенен Әзірбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкемнің құдасына айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері