Зеравшан бойында

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Көк жазықтар мен Hұp тауында
Қай жылы cipә жер аш қалған?..
Мөлдір бұлақ қайдан?
Диқанмен әсте сырлас болған
Зеравшаннан десе, Зеравшаннан!
Көк бұйра бұлттар сайға төніп.
Үлесін алса жер аспаннан,
Аппақ жаңбыр қайдан?
Орманға басын орап салған
Зеравшаннан десе,Зеравшаннан!
Бағбан қыздар да жүзіп жүр көлде,
Аққумен сыры жарасқаннан.
Айдын шалқар қайдан?
Шириннен бiзгe мирас болған
Зеравшаннан десе, Зеравшаннан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зеравшан бойында өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Зеравшан бойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Зеравшан бойында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зеравшан бойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері