Арман – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Арман» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2034
Күй тартсам ғой ағыл-тегіл төгіліп,
Тыңдаған жан тұрса жаны езіліп.
Болса ішінде құралай көз бір сұлу,
Шықпай тұрған тек жаны бар үзіліп.
Ой-хой шіркін, арман қандай әдемі-ең,
(Қиялдаймын қол жетпесті неге мен?)
Бірақ сезем ой-мұхиттың тереңін,
Арманның да сүруге өмір керегін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері