Сырласу – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Сырласу» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1227
Тұрпайылау болғанмен түрім менің
Түсінсейші, жан досым, жаным нәзік.
Сенің маған наз айтар бар ма жөнің,
Айтқызбай-ақ жүрекпен тұрам сезіп.
Дәметесің кей-кезде ыстық сезім,
Сағынасың шалыңның жылы сөзін.
Білсем дағы, жүрекпен сезсем дағы,
Егде тартып кеттім ғой менің өзім…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері