Сағыныш – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Сағыныш» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1959
Кезі болар адамның сағынатын,
Бірақ арман алыста не ғыласың…
Ауған шақта ниетің аңсарыңа,
Сағыныштың сезесің мағынасын.
Сағынғанда жарыңды төбеге шық,
Балтырыңды дымқылдап өбеді шық.
Сағынғанда аулыңды далаға кет,
Болсадағы қызығың қалада көп.
Бір қария, атаңдай, жолыққанда –
Жүрек соғар, елжіреп, толып қанға.
Жастық шақты сағынсаң амал бар ма,
Ол алынбас қалды ғой қамалдарда…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері