Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім» атты Сайын Назарбекұлы жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2757
Ақ отау, Атамекен, ақ бесiгiм,
Қалай деп ат тақсам да – тәттi елiмiң
Ата-анам алғаш к зiн өзi де ашып,
Өзi де өмiр “иттiң” жапты есiгiн.
Өзiңе арнап сезiм жадырадым,
Ұлыңның бiр кез мүмкiн таныр әнiн.
Тiрлiкте жан-қанымды сарқып берем
Шайқалып кетпесiн деп шаңырағың.
Ақ бесiк, Атамекен - әнiм, өлең,
Төсiңде арман iздеп жанып өлем.
Әр тасың, топырағың суарылған
Жасы мен Ата-бабам қаны менен.
Бiр сәтiң басқа жердiң күнi мен тең!
Топырақ Ата-бабам күлi ме екен?
Ақ бесiк, ақ отауым аяласа,
Армансыз бұл өмiрде күлiп өтем!
Бар ақын өзiңнен бастар әнiн,
Тәнiнде, сенiң нәрiң, жас баланың.
Қасиет тула бойың – Атамекен,
Басуға кейде тiптi жасқанамын!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақ отау, Атамекен, ақ бесігім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері