Наурыз Қылышбаевқа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Наурыз Қылышбаевқа» атты Сәкен Иманасов жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Сері десем — сенбессің, серке десем — көнбессің,
зәру емес мақтауға, мақтаусыз да өлмессің,
жалын атқан сонау бір жас кезімнен мен үшін
осы өңірде бір туып, біте қайнар жерлессің.
Хансың десем — қаймығып, нәнсің десем —
нанбассың, әкімдердің көңілін ақын қалай дәл бассын,
Аға болған Ақсуға, жаға болған Көксуға
басқалардан біртабан жақынырақ қандассың,
Аяқ асты өзіңе түсті екен деп бір ісім,
қандырғалы тұрғам жоқ құлағының құрышын,
дәрежеңді тәңірім артық еткен, дәркемді
жалайырдай атаның жақсы туған ұлысың.
Тарамаса барсыншы —
алты алашқа атағың,
ағайының ардақтап, қадірлейді қатарың,
сомадай боп алдыңа келіп едік зәуде бір
қайтамын ба, кім білсін, құр сымпиып сақалым?!

Бұл әзіл өлеңді Көксу ауданында әкім болып тұрған Наурызды іздеп барып, орнын сипап қалған бір тұста (1994 жылы) жазып, қабылдау бөлмесінде қалдырып едім. Әлдебір ағайын өзіме әкеліп берді.
2003 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Наурыз Қылышбаевқа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Наурыз Қылышбаевқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Наурыз Қылышбаевқа өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Наурыз Қылышбаевқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері