Өнерлі дала – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Өнерлі дала» атты Сайлаухан Нәкенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 751
Сері далам, сал далам
Ән мен күйге қанбаған.
Көп болса да көл деген,
Тек өнерге шөлдеген.
Бар өнердің теңізін
Өз бойына жинаған.
Ықыластың қобызын
Ұрпағына сыйлаған.
Аққулардың билерін
Аруына үйреткен.
Сары Тоқаның күйлерін
Дарынына үйреткен.
Әсеттің де әніне
Тамсандырған осы жер.
Манарбек пен Күләшқа
Ән салдырған осы жер!
Сәкеннің сыр сандығын
Көзі көрген осы жер!
Сұлулығын, паңдығын
Өзі берген осы жер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өнерлі дала өлеңінің авторы кім?

Сайлаухан Нәкенов — осы өлеңнің авторы.

Өнерлі дала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өнерлі дала өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өнерлі дала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері