Қолданып (қолдан келер) біткен емін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қолданып (қолдан келер) біткен емін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Қолданып (қолдан келер) біткен емін
кісідей күңіренем деп күтпеп едім, —
қазақтың жалқы туар бір ақыны ек,
болмай тұр со қазаққа түк керегім!
Жүр ме деп бір сөз күтіп әлі менен.
Жазушы ем жұрағатқа налып өлең, —
көніп-ақ тәңірінің салғанына,
болып-ақ кеткен екен бәрі керең.
Болмаса екеу-екеу өз күбірі,
ұғудан қалған екен сөзді бірі.
(Тексізі теріс қарап — тыңдамай түк,
үкімін ымдап айтып ездің ұлы!)
Әркімнің үргеніне ере кеткен,
Кезігіп көріп пе едің "кереметпен"? —
Түрі жоқ өзіңізді елейтін де,
бірі жоқ сөзіңізді керек еткен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қолданып (қолдан келер) біткен емін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қолданып (қолдан келер) біткен емін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қолданып (қолдан келер) біткен емін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қолданып (қолдан келер) біткен емін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері