Сары жайлау – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сары жайлау» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1968
(Әбікен Хасеновке арналған)

Шалқытшы аға, «Сары жайлауды»,
Күй сағымын белестетіп;
Сыңғырлы өзен, самал тауды
Көз алдыма елестетіп.
Сіңлісіндей Сарыарқаның –
Сыңсытшы, аға, «Сары жайлауды».
Күй сиқырын жаратамын,
Қыздың ұзар назы аяулы.
Сағыныштан сап-сары боп,
Көп боздаған Бозінгендей;
Әуеннің бұл аңсары көп,
Жаның сезер, өзің білмей.
Төгілтші, аға, «Сары жайлауды»,
Тұла бойым шымырласын.
Әлемде асыл не қаяулы,
Жүрсгіме сыбырласын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сары жайлау өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Сары жайлау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сары жайлау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сары жайлау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері