Жаңару – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жаңару» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Болайын адамдардың бəрімен дос,
Сайраннан босамасын сəрі мен кеш!
Жаманның жанына кім үңіліпті?
Жақсыға ажалдың да əлі келмес!
Салайын құлашымды кеңге бүгін:
Кешейін кещенің де пенделігін!
Алланы аузыма алып күбірлейін
Басқаша басталғай деп енді өмірім...
Кестесін Келешектің гүлден өріп,
Жүрейін Хақ дидарын күнде көріп.
Бейілім Бейіш бағын араласын,
Мейірім, шапағатты Күннен еміп.
Айласын асырса да тірлік епті,
Айымдай аялайын бір жүректі.
Дүние гүл жайнасын жанарымда,
Жамылған жас келіндей үлбіректі!
Тамылжып тұрған шақта тəмəм əлем,
Жазбайын əлдекімше жаман өлең.
Кеңдіктен кемдік көрген жерім бар ма,
Ұқсайын ұланғайыр Далама мен!
Түнімен түсіме еніп Арша, Қайың..,
Тілінен тіршіліктің бал сорайын!
Адамша өмір сүру мүмкін бе екен,
Тазартып алмайынша жан Сарайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңару өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жаңару өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңару өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңару өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері