Егінімді ерте қамдап – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Егінімді ерте қамдап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1363
Егінімді ерте қамдап,
Ерте екпей,
Тәтті тағам татқаным жоқ тер төкпей.
Жасандылық жасамадым жалғанда,
Еркектермен сөйлесе алдым еркектей.
Істің аңдап оңы менен терісін,
Терісіне бергенім жоқ келісім.
Бірді жақын,
Бірді алыс демедім,
Жан біткеннің бәрі бірдей мен үшін.
Тайып кеткен тұстарымда өкіндім,
Өкіндім де,
Құламасқа бекіндім.
Жел өтінде қасарысып, қарысып,
Шыңға шыққан шынардайын жетілдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Егінімді ерте қамдап өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Егінімді ерте қамдап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Егінімді ерте қамдап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Егінімді ерте қамдап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері