Ақ тамақ қарлығаштар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ тамақ қарлығаштар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4162
Әнін жазған Меліс Өзбеков

Өмірдің бақтарында
Қарлығаштар қалықтайды.
Көңілді шақтарында
Сайрандаудан жалықпайды.

Қайырмасы:
Ақ тамақ қарлығаштар –
Қаракөз қарындастар.
Күн болып көріндіңдер,
Гүл болып өрілдіңдер.

Бақыт боп жаралдыңдар,
Ән болып таралдыңдар.
Қаракөз қарындастар –
Ақ тамақ қарлығаштар.

Көшеде бара жатсаң,
Кезігеді қарсы алдыңнан.
Қиылған қара қастар
Көркіменен тамсандырған.

Қайырмасы.

Тұтатып үміттерді,
Салқындықты жолатпайды.
Қуантып жігіттерді,
Бақыт болып қонақтайды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ тамақ қарлығаштар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақ тамақ қарлығаштар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ тамақ қарлығаштар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ тамақ қарлығаштар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар