Талпына алмай

Бұл бетте «Талпына алмай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Жүзім қайтып тасқа шапқан қылыштай,
Жамырайды ойым ойға жұғыспай.
Құлағыма шыңылдайды бір әуен,
Шыңыраудың түбіндегі дыбыстай.
Пәруәрдігер аяп бүгін пәрменін,
Құрып отыр барша қуат­дәрменім.
Шырылдайтын менің қызғыш құсым боп,
Осындайда бір жанашыр бар ма едің?
Жабыққанда жанарына жас келген,
Ақындардың азабын кім ескерген?
Уа, құдірет, қанат берсең, мен тұр ғой,
Көтеріліп кетпес пе еді тас жерден.
Талпына алмай болдым, міне, мүсәпір,
Қанаттасым, қараңды үзбей ұша тұр!
Не болғаным шабыт деген шайхы кеп,
Көмейіме тастамаса мүсәтір?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талпына алмай өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Талпына алмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талпына алмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талпына алмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері