Өзімді таныстыру

Бұл бетте «Өзімді таныстыру» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1096
Бауырында Барқытбелдің туған ұлмын,
Бесіктен белім шықпай мұң жамылдым.
Тіршілік көз алдымда жүз құбылды,
Жүніндей жалт­жұлт етіп қырғауылдың.
Жасырған жанарына жайдың оғын,
Сырына қанып өстім бұл дәуірдің.
Қаңбақтай жел аударған дөңгеледім,
Өтінде үдей соққан сұр дауылдың.
Бабамның басқан ізін қайталаумен,
Тау астым, тасты бастым, құмға кірдім.
Шарқ ұрып шартарапқа талпынғанмен,
Тартылып сым темірдей сында жүрдім.
Аңқылдап ақ тұмадай ақтарылдым,
Астынан кір іздесе тырнағымның.
Астында төс балғаның шыңдалдым да,
Алмастай жүзі қайтпас суғарылдым.
Осылай арпалысып аз ғұмырда,
Көріппін көрмегенін мың да бірдің.
Тон киіп, топты жарып, төрге шықсам,
Арқасы құдай берген тіл­жағымның.
Жүрегі туған елдің сәл ауырса,
Сырқырап сай­сүйегім бірге ауырдым.
Діңгегі болмасам да тіреп тұрған,
Сеп болар бөренеге сырғауылмын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзімді таныстыру өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзімді таныстыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзімді таныстыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзімді таныстыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері