Қарлы аязда – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қарлы аязда» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3096
Жерді басқан аппақ қар...
Соғад аяз, ызғырып —
Қызыл шұнақ, жалмаңдап,
Билеп күлед сызғырып.
Ұшан теңіз қалың қар
Жерді басып жабады.
Шұнақ аяз жалаңаш
Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып
Аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн
Жасыл ұшқын шашады.
Қызыл аяз демімен
Бет қарылып күйеді.
Қанын беттің шығарып
Аяз тістеп сүйеді.
Күйдіргені — үсітіп
Демі бетке тигені.
Қанын сорып аппақ қып
Тістегені — сүйгені.
Шұнақ аяз аямас,
Тоңып үсіп қатсаң да.
Сызғырады, күледі,
Үсіп өліп жатсаң да.

1926 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлы аязда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қарлы аязда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлы аязда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлы аязда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері