Германия жұмыскерлеріне – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Германия жұмыскерлеріне» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1088
Европада талай жыл
«Болмаймын деп байға құл»
Күрескен баймен ерлерді
Бұл күнде байлар жеңіп тұр.
Азаматтар күрескен,
Талай жыл баймен тірескен,
Езді ғой байлар кеудесін,
Қайраты қайтып көніп тұр.
Құтырған байлар мас болып,
Пуанкаре бас болып,
Именбей басты кеудеңді.
Барлық әлем — өрмекші,
Арам тамақ өрмекші
Қанды сора бермекші.
Именбей басты үстіңді
Күшіне жауыз сеніп тұр.
Түнеріп көктен салбырап,
Қап-қара шашы жалбырап,
Қара пәле Қарынбай
Үстіңе келіп төніп тұр.
Қара пәле, албасты —
Жиналып бәрі жалғасты.
Қарусыз сорлы жұмыскер,
Қойныңа қолын сұғып тұр.
Кебеже қарын жуандар,
Сатылған байға суандар,
Қосылып өңкей қу залым
Ынсаптан, ардан шығып тұр.
Шанышқылап сені соймаққа,
Улы, суық қанжарын
Жеңіне ұстап тығып тұр.
Семіз шошқа күркілдек,
Арам қарын іркілдек
Іркілдек майлы аяқпен
Аш кеудеңді басып тұр.
Бауырлар-ау, тұрсайшы!
Пәлені бетке ұрсайшы!
Ақырып қайрат қылсайшы!
Жігерің не ғып жасып тұр?
Ақырын, әлсіз қымсынып,
Қойғаның ба ұмсынып?
Балтаңды қолға ал сайты!
Үрейің нағып қашып тұр?
Алыста сенен көз алмай,
Бұл жақта бауырың телміріп,
Жүрегі қайнап ашып тұр.

1923жыл, 8-ақпан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Германия жұмыскерлеріне өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Германия жұмыскерлеріне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Германия жұмыскерлеріне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Германия жұмыскерлеріне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері