Жылымық – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жылымық» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 744
Күн дегенің күн де емес, жылтыраған бір шырақ,
Бауырымен жорғалап, әрең жетті күншуақ.
Тасасында таулардың созылып бір жатты да,
Көлеңкелер етегі жиылмады бір шұбап.
Аспан жақтан ашылды түпсіз терең түндік те,
Тал төсінен бүршіктер көзін ашты тірлікке.
Әрбір бүршік талдағы шабытпенен жазылған
Көктем жайлы өлеңге қойылатын бір нүкте.
Күн астында дел-сал боп мамыражай ерініп,
Маужыраған кең дала жатыр маңғаз керіліп.
Дүбірлетіп қыр төсін, оятайын алқапты,
Жібек жіптен есілген тізгініңді бер, үміт.
Асыл мұңның өркені,
Армандардың көркемі,
Жылымық күн әдемі бір жып жылы ертегі.
Әуенімен әуезді тал бойыңды еріткен,
Аралап жүр ертегі біздің сұлу өлкені.
Жанарымда жанады жұлдыз болып мың үміт,
Жанардағы жұлдыздар, кете көрме жұмылып.
Тұла бойы мың құрсау өңі салқын өмірдің
Жылы демі біртіндеп келе жатыр білініп.
Жалғыз қалдым тағы да, жалғыздығым ұлы мұң,
Жабығудың өремін тал-тал қылып бұрымын.
Жер бетінде жабырқап, жылымықты кешемін,
Ту сыртымда бір ызғар, бауырымда жылы күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылымық өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жылымық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылымық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылымық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері