Сен бір көктем

Бұл бетте «Сен бір көктем» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1612
Танысуды өзіңмен
Бақытыма баладым.
Ақтарылған тезінен
Шабытыма баладым.
Мір оғындай сөзіңнің
Айрықша бір сезіммен
Ағытыла қарадым.
Тәңір сені қалайша
Жаратты екен қыз қылып?
Тал бойыңа тамаша
Таратты екен ізгілік?
Өртегендей тәнімді
Шараппенен қыздырып,
Тыңдай бердім әніңді
Қарап төмен үздігіп.
Бір ауылдың балқыған
Нұры десе нұрысың,
Жұпар исі аңқыған
Гүлі десе гүлісің.
Шаттық төгіп шалқыған
Жыры десе жырысың,
Аққудайын қалқыған
Білінбейді жүрісің.
Сен бір көктем құлпырған –
Бұқпа бұлақ дөңгелер,
Талай жігіт сыртыңнан
Сұқтанып-ақ сенделелр.
Аспас сыпсың-сыпсыңнан
Ықталып-ақ жеңгелер,
Еркек бар ма шын туған
Мықталып-ақ тең келер?
Қорықпадың қаңқудан,
Сөз ереді демедің,
Қорықпадың аңдудан,
Көз көреді демедің.
Жаңылмадың жарқылдан,
Өсе берді өнерің.
Тамылжыған тартымды ән
Әсеріне бөледің.
Өнеріме өскелең
Жаңа белең тастадың.
Мақсатыма көздеген
Санаменен бастадың.
Қашық екен сезбеген
Қала деген аспаным,
Түсіндірдің лезде сен,
Далада екен асқарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен бір көктем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен бір көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен бір көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сен бір көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері