Екі жігіт

Бұл бетте «Екі жігіт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1434
Екі жігіт отырды бір жиында:
Бірі шағын, бірі алып денелі.
Болмаса сәл өнері,
Адамға сол қиын да.
Үлкен жігіт отырды тек нан соғып.
Жоқ еді өзге өнері.
Екіншісін қолдады жұрт қол соғып,
Өйткені, ол еді күйдің шебері.
Салатұғын әнді де,
Айтатұғын әрі қызық әңгіме.
Өнерімен ұтымды
Міндеттен ол құтылды.
Кезек келіп Дәуге де,
Сұрады жұрт әурелеп
Қонақкәде дәстүрін:
«Менде күй де, жоқ қой ән,
Ал, ассаңдар, қойды түгел жеп қоям», –
Дегені ғой әлгі қарабасқырың.
Бір сылқым қыз бұл кезде
Тартты оны қу сөзге:
«Бой бергенше теректей,
Ой берсейші Жсасаған.
Дәу денеңді бөлектей,
Жасасайшы қос адам».
* * *
Екі адамның ішкен асын ішкенмен,
Ал, ісімен істелген
Тұрмайтын бір адамға
Не демексің наданға?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі жігіт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Екі жігіт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі жігіт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі жігіт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері